Орындалмаған арман…

       «Magnum» сауда орталығының алды.Біз такси күтіп тұрмыз.Қара-көк түсті шетел автокөлігі келіп тоқтады.

-  ҚазҰУ-ге

- Отырыңдар!

   Жүргізуші жасы елулерге келіп қалған  ер кісі екен.Шашының қара түсінен ағы басым.Жүзінде терең әжім іздері байқалады.Маған қатал кісідей көрінген,сірә,киген қоңыр түсті көзілдірігі сондай әсер қалдыратын болар.Көліктен бір гүлдің хош иісі шығады.Жан-жағыма қарадым.Айнаның тұсында «Романтика» атты ауа жаңартқышы ілініп тұр екен.

   Ағай орыс тілді деп ойладым.Оған себеп машинада жатқан бірнеше орыс тілді журналдар мен сайрап тұрған орыс радиосы.Қателесіппін.

-ҚазҰУ-де оқисыңдар ма?,- деген үн менің ойымды бөліп жіберді.

-Ия,ағай

-Қай факультетте?

-Журналистика,өзіңіз қай мамандық иесісіз?

-Бола алмай қалған журналистпін,- деп бір күліп алды.

-Неге олай дейсіз?

-Журналист болу –бала арманым еді.Мектеп кезінде осы мамандыққа бейімім де бар болатын.Бірақ,әкем қарсы болып,оқу бітірісімен Целиноградтағы финанс техникумына  тапсыртқызды.Содан бері есеп-қисаппен өмір сүріп келемін.

-Сүймеген мамандықтың шеңберіңде жүру қиын шығар.Адам екі таңдау жасағанда қателеспеуге тиіс дейді ғой.Бірі – мамандық,бірі – …

-жар таңдағанда,-деп сөзімді жалғап кетті.Біріншісі болмаса да,екіншісінде қателік жасамаған секілдімін.Шүкір,жарым жаман емес,немере сүйіп отырған жайымыз бар.Аааа,жаңағы мамандық дедің бе?Мамандықты бірте-бірте ұнатып кетеді екенсің.Қыр-сырың білген сайын құлшынысын оянады.Арманыма жетпесем де, осы салада нанымды тауып жүрмін ғой.

-Жолаушы тасу қазіргі кәсібіңіз бе?

-Анда-мында жүргенде жолдан жолаушы кездессе ала кетемін.Қосымша ғой мұның бәрі.Өзім қазіргі күнге дейін бухгалтер болып жұмыс жасаймын.

-Жазуға бейімім бар деп қалдыңыз,қазір жазып жүрмісіз?

-Анда-санда шығып қалатын өлеңдерім бар.(күліп)Бұл – өнер жолы ғой.Бар жан-тәніңмен кіруің керек.Біздікі «өнерге әркімнің-ақ бар таласының » кебі ғой.Менің биыл оныншыда оқитын қызым бар. «Журналист боламын» деп жүр.Менің орындалмаған арманымды қызым жалғар.

Біз осылай ҚазҰУ қалашығына да жеттік.

-Сау болыңыз,ағай!Арманыңызды жалғар қызыңыз аман болсын!Екі жылдан соң,сірә,журфакта жолығармыз!

-Сау болыңдар!Сабақтарыңды жақсы оқыңдар!

Біз түсіп қалдық.Қара-көк түсті автокөлік ұзап бара жатты.Әр ата-ананың өзі жетпеген биіктен баласын көргісі келетіні анық екен.Өзінен өзгенің асуын тілейтін бір-ақ адам.Ол -ата-ана.

This entry was posted in Uncategorized. Bookmark the permalink.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Connecting to %s